"Шамшырақ"

Ұлы даланы ұлықтау – ұрпақ парызы

Written by Aray2005

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Ұлы даланы ұлықтау – ұрпақ парызы» атты «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің кітапханасында ұйымдастырлыған жиын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында өтті.

Жиынға «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушылары Ғалия Абдыханова, Әлия Түймебекова, №1 кітапханалық-ақпараттық орталығының қызметкерлері Рәзия Жолтаева және Гүлнұр Тұрғынбаева, сондай-ақ университет музейі меңгерушісінің міндетін атқарушы Ақсәуле Қалабаева, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының аға оқытушысы Гүлшат Иманбекова қатысты.
Алқалы жиында Елбасының мақаласында жазылған ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңа заман талабына сай дамытуға жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру төңірегінде мағыналы ойлар айтылды.
Шара барысында студенттер мақаланың жеті қырына жеке-жеке тоқталып, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып өз ойларын ортаға салды. Мысалы, «Филология» мамандығының 1-курс студенті Шынарай Яқыпбаева «Атқа міну мәдениеті» бағытына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Жазира Жәкенова, Айдана Кемалдинова, Назерке Әбітай, Төлеби Садуа, Айдана Төрткүлбаева сынды студенттер аталмыш мақалада көрсетілген тақырыптар бойынша сөз сөйледі.
Басқосу соңында Жанерке Шаяз «Елбасымыз­дың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қазақ ұлттық мәдениетінің әлемдік өркениеттегі алатын орны» тақырыбында баяндама оқып, жоғарыда көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Назерке Төлен,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
медиа-қызметінің тілшісі

ПІКІР