«Ұлы даланың алып жаршысы»

0 31

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай облыстық Ш.Уәлиханов ғылыми әмбебап кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жаршысы» атты дөңгөлек үстел өтті. Шараға ЖОО профессор-оқытушылық құрамы, аудандық, қалалық мектеп мұғалімдері мен кітапхана меңгерушілер қатысты.
Басқосуда алғаш сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ эпик жыршы Жамбылдың 72 жыл өмірі Кеңес дәуіріне дейін өткенін, негізгі дастан жырларын жыр алыбы сол кезде жазғанын, үздік айтыстары да сол кезеңге дейін болғанын айта келіп, Жамбыл жырларындағы көркемдікке тоқталды. Мұнан соң аталған университеттің доценті, ғылым кандидаты Темірбай Мұқашев Жамбыл мен Абай замандас болғанын, бір дәуірде ғұмыр кешкенін айта келіп, Жамбылды «Алып жырау», Абайды «Даналықтың дариясы» деп бағалады. Ол Жәкеңнің жырлары Кеңес дәуіріне дейін жарқын жазылып, сақталғанын, Жамбылды ақтап алып тарих сахнасына жарқыратып шығаруымыз керектігіне тоқталды. Педогогика ғылымдарының кандидаты Арман Шауханов өз кезегінде Жамбыл жайлы жазылып жатқан мареиталдарына тоқталды. Өңіріміздегі маңдайалды университеттің аға оқтушысы Бақытжан Мақашев жыр алыбы туралы біраз талдау жасап, Жамбылдың кедей таптан емес, арғы атасынан бері бақуатты жерден шыққанын айтты. Жыр алыбының Кеңес дәуіріне дейінгі мұраларына, оның көбісі қырғыз жерінде жатқанына, оны зерттейтін уақыт жеткеніне тоқталды. Мұнан соң іс-шараға қатысушылар және филолог Баян Байқадамова Жамбылдың айтыстары, Жамбыл өңіріндегі бүгінгі айтыстар, айтыстың түре, сүре, өтірік, жұмбақ айтыс түрлерін дамыту жөнінде де ой толғады. Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Айткүл Есентаева бір қатар өзекті мәселеге назар аудартып, Жамбылдың жаңа кітабы 1982 жылдан бері жарық көрмегеніне, жыр алыбы аз зерттеліп жатқанына, «Ленинградтық өренім» өлеңі бүкіл бір қалаға рух бергеніне, шын мәнінде байланыстан шет қалған қала тұрғындарына күн секілді жарқырап үміт сыйлағанына терең тоқталып, аталған гимназияда Халық әртісі Мәкен Рахымжанова басқаратын драма үйірмесі жұмыс істейтініне, олар биыл Жамбыл өмірінен қойылымдар қойып жатқанына тоқтады. Сондай-ақ, ол жазушы Бекен Ыбырайымовтың қолдауымен Алматыдан 4 томдық Жамбыл жайлы кітап 100 данамент ғана шыққанын айтып, кітаптағы «Жамбылдың күйлері», «Жамбылдың уытты әзілдері» тарауларына тоқталып өтті. Сондай-ақ, іс-шара барысында аталған мектеп –гимназия шәкірттері Балауса Байбосын Жәкеңнің «Кезбез қыз» әнін жетігенмен орындап берсе, Әсел Жақсыбек пен Әдия Әлмаханбет Жамбыл жырларын жатқа оқыды.

Айжан Өзбекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.