«Ұлы даланың ұлтаралық тілі»

0 11

Қордай ауданы Сортөбе ауылының «Бүлдіршін» бөбекжайында «Алғыс айту» күніне орай «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты мәдени кеш өтті. Шараға «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Эглима Хиймамованың ата-анасы демеушілік көрсетті.

Кеште өнерлі балалар өнерлерін ортаға салып, зор қошеметке ие болды. Бүлдіршіндер «Отан» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, Эглима Хиймамова «Бақыт құсы» биін мың бұрала билеп шықты. Өзін қазақша таныстыруы да ерекше көзге түсті.

Айта кетер жайт, балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы осы секілді шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Топ тәрбиешісі Мейрамкүл Байдуанова онымен шектеліп қана қоймай әр түрлі көрмелер, тәрбие сағаттарын, қыздар мен ұлдар арасында сайыстар ұйымдастырып, ата-аналармен әрқашан тығыз байланыс орнатып отыр. Әр жұмысы атап өтерліктей жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.

Тәрбиешінің жетістіктеріне бөбекжай әдіскері Нұрайым Тулебердиеваның да үлесі орасан зор. Тәрбиешілердің ізденуіне көп мән беріп, жол көрсете біледі. «Алғыс айту» күніне орай балаларымызға барлық жағдай жасап, қуаныш сыйлап отырған «Бүлдіршін» бөбекжайының меңгерушісі Айша Идыбо мен барлық ұжымға алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін, балаларымыздың болашағы жарқын болсын дегіміз келеді.

«Айгөлек» тобының ата-аналар комитеті,

 Сортөбе ауылы, Қордай ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.