Вакцинациялау жалғасуда

0 11

Осыдан 3-4 күн бұрын «Спутник V» вакцина­сының І компоненті бойынша облыста барлығы 1 565 адамға екпе егілді. Оның ішінде 1 472-сі медицина қызметкері болса (94 пайызы), 88-і – педагог (5,6 пайызы). Қалғаны облыстың өзге де тұрғындары (0,4 пайыз).
Осы екпе алған 1 565 тұрғынның 846-сы (54 пайызы) 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын салдырады (оның 844-і медицина қызметкерлері (99,8 пайызы). Өйткені екінші рет екпе салғанда алдыңғының әсері күшейеді және адам организміндегі антиденелер саны мен ағзаның қорғаныш қабілеті артады. Бір айта кетер қуанышты жайт, вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ.
Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау жылдың соңына дейін жалғасады.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.