"Тылсым"

«Вампир әйел»

Written by Aray2005

54 жастағы Фатима Перез өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Ол кино туындыларынан көретін, күн сәулесінен қорқатын вампирлер тәрізді өмір сүруде.

Пигментті ксеродерма ауруына шалдыққан әйел Доминикан елінде дүниеге келген. Ол өзінің дерті жайлы тек 44 жасында ғана біліпті.
Науқас әйел осыған дейін дертінің салдарынан пайда болған денесіндегі ісіктерге ауыр ота да жасатқан. Мамандар тері ауруының бұл түрі жазылмайтынын мәлім еткен.
Қазір АҚШ-қа көшіп келген Фатима Перез далаға шығу үшін жаздың күндері де бірнеше қабат қалың киім киюге мәжбүр. «Вампир әйел» атанып кеткен Фатиманың көршілері шын мәнінде жылдам қимылдайтынын, денесінің әрдайым суық болып жүретінін және айналасындағылар не ойлап тұрғанын білетін қасиетке ие екенін айтады. Кім білсін, бәлкім біз қиял-ғажайыпқа, ертегіге балап жүрген «жезтырнақ-қансорғыш» арамызда өмір сүріп жатқан шығар?

ПІКІР