Эбола эпидемиясы қайта басталды

0 6

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғанын мәлімдеді.

Билік мәліметінше, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.

«Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды», – делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.

 

РИА Новости

Leave A Reply

Your email address will not be published.