Қазақстан халқы ассамблеясы

«Ынтымақ – ырысқа жетелейді»

Written by Aray2005

Русалина Прияхина,
облыстық «Радонеж» орыстар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының активі:

– Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен жарасымды ынтымағының арқасында біз өз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам кезеңінде әлем сүйсінерлік табыстарға жеткендігіміз ақиқат. Көпұлтты елімізді мекендеп отырған барлық ұлыстардың тең құқығын қамтамасыз ете отырып, Елбасы Н.Назарбаев, Президентіміз Қ.Тоқаев баршамыздың алдымызға зор міндеттер қойып келеді.
Қазіргідей әлемдік пандемия мен дағдарыс дендеп тұрған шақта ел бірлігі мен ынтымағын сақтау барлық қазақстандықтардың басты әрі қастерлі міндеті болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтып, беделін биіктету жолында жастар да өзіндік үнін қосқаны абзал. Сондықтан жамбылдық жастар ынтымағымыз бен бірлігімізді бағалай отырып, баянды болашақ жолында аянбай тер төгетін болады. Бұл үдеден замандастарымның шығатындығына бек сенімдімін.
Мереке құтты болсын, құрметті жерлестер, замандастар!

ПІКІР