Зейнетақы жинағын емделуге пайдалануға өтінім қабылдау басталды
Бүгін зейнетақы жинағындағы шекті мөлшерден асқан соманы емделуге пайдалануға өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жолдауға болады.
Зейнетақы жинағын мынадай медициналық қызметтерге пайдалануға болады:
– дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
– Қазақстан аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
– операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
– радионуклидтік және радиойодтерапия;
– радиохирургиялық емдеу;
– протон терапиясы;
– офтальмологиялық қызметтер.