Зейнетақыға «зыңдай» көлік мінуге болады

0 31

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін автокөлік сатып алу үшін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныс айтылды.

Бұған дейін зейнетақы жинағын емделуге де алуға болатыны айтылған.

Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловтың айтуынша, Автобизнес қауымдастығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ бұл ұсынысты қарастыру үшін оны Ұлттық экономика министрлігіне жолдады.

«БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ, ескі көлігінен әбден шаршаған немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы – жаңа көлік сатып алу. Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да, автокомпаниялар да қолдауы керек, – дейді Смағұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.