«Жүрегіңіз «елім» деп соққанменен, Бүйрегіңіз қытайға бұрып тұрар»

0 32

Дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровтың екі бірдей бүйрегі істен шығып, күрделі операция жасатуына тура келеді. Операция Қытайда жасалады. Қытайдың медициналық мүмкіншілігінің арқасында Қаршығаның екі бүйрегін алып тастап, орнына басқа біреудікін салып береді. Ол «басқа біреудің» ұлты қытай екен. Науқасынан құлан таза айыққан Қаршыға елге оралады. Алматыға түскеннен бастап атақты күйшімен аман-есен көріскен қандастары қолдан қолға тигізбей әкетеді. Бір күні қатарынан қос ұлын сүндетке отырғызған әнші Бекболат Тілеуханов Қаршығаны тойға шақырады. Күйші тойда елге өзінің ауру тарихын жасырмай жайып салады. Сол тойда айтыс ақыны Мұхаметжан Тазабеков те қатысып отырады. Тойға жиналған топ ақынды алқалап, арнау айытқызады. Мұхаметжан басты-басты деген кісілерге бір-бір шумақтан өлең арнайды. Кезек Қаршығаға келгенде:
Күй деген өнер еді ұлық қылар,
Естісең көңіліңде тұнып тұрар.
Қаршекең қазағымның қадірлі ұлы,
Ел дегенде жүрегі ұрып тұрар.
Жүрегіңіз «елім» деп соққанменен,
Бүйрегіңіз қытайға бұрып тұрар, –
деген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.