«Жақсылық атамның арманын Токиода орындағым келеді»

0 7

Елдос СМЕТОВ,
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері:

Бұрынғы Олимпиада ойындарында отандастарымыз көбіне боксшыларға бар үмітін артып, тақым қысып отырушы еді. Соңғы уақытта бұл қатарға дзюдошы қыз-жігіттер де қосылған. Әсіресе жамбылдық Елдос Сметовке артылған сенім жүгі ауыр, үміт басым. Оның үстіне жерлесіміз ертең татамиге шыққалы отыр.
– Олимпиада ойындарын бес жыл күттік. Арадағы үзіліске қарамастан жаттығуымызды тоқтатпауға барымызды салдық. Нәтижесінде дүбірлі додаға жолдама алдым. Бұл менің екінші Олимпиадам болғандықтан жауапкершілік жүгі өте ауыр. Ел үмітін арқалап, сондай-ақ марқұм Жақсылық Үшкемпіров атамыздың асыл арманын Токиода орындағым келеді. Қарсыластарым мықты екенін білемін, бірақ мен де осал емеспін. Сол үшін Олимпиадада барымды, жанымды салып күресемін. Тек сіздер қолдау білдірсеңіздер болғаны. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды, – деген балуанымызға барынша жанкүйер болып, сәтілік тілейік, ағайын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.