Жақсылық жасап жарысайық!

0 0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының мүшелері мен «жасотандықтар» «Дәрігерлерге мың алғыс!» республикалық акциясы аясында Тараз қалалық балалар ауруханасына азық-түлік себеттерін апарып, 2 тонна ауызсу жеткізіп берді.

«Бәйтерек» ықшамауданында орналасқан ауруханада бүгінде 150 науқас дауасыз дерттен емделіп жатыр. Осы орайда «нұротандықтар» коронавируспен жанкештілікпен күресіп жатқан мамандарға жалғыз емес екендіктерін сезіндіруді мақсат етеді.
– Күндіз-түні кірпік ілмей науқастардың сырқаттан сауығып кетуіне барын салып жатқан дәрігерлерді қиын кезеңде қалтарыста қалдыруға болмайды. Үй бетін көрмей, отбасынан жырақта жүріп, өзгенің өмірі үшін күресу – сөзсіз көзсіз ерлік. Осы ерліктерін естен шығармауымыз керек. Біз денсаулық сақшыларының мүлтіксіз міндеті мен қызметіне қарыздармыз. Сондықтан бастарын бәйгегеге байлап жүрген жандардың да жанын жадыратып, бір сәтке болса да көңілін ауладық, – деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев.
Жамбылдық партия мүшелерінің игі ісі мұнымен шектелмеді. Күні кеше олар тағы бір ауруханаға азық-түлік пен ауызсу жеткізді. Жалпы акция аясында төрт емдеу мекемесі қамтылады.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.