Қоғам

Жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін үйде болайық

Written by Aray2005

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің қауіпсіздігі үшін өте маңызды шешім қабылдады. Қауіпті індет Қазақстандықтар үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім.
Соның арқасында вирус жаппай таралған жоқ. 16 наурыздан бастап төтенше жағдай еңгізіліп, осы күнге дейін төтенше режимі күшейтілді. Қоғамдық көліктер тоқтады. Мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлгілі қашықтықтан жұмыс істеуді бастады. Көшелер, тұрғын үйлер дезинфекцияланып, науқастарға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ерікті жастар, кәсіпкерлер жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар, мүгедек жандарға көмегін көрсетіп жүр. Сәл күтсек бәрі түзелер. Шыдамдылық танытайық. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқан еді ғой батыр Бауыржан атамыз. Осы өсиетін жерге тастамай, тәртіпке бағынайық. 11 мамырға дейін жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін үйде болайық.

Арман Елемесов,

Тараз қаласының тұрғыны

ПІКІР