Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы

0 1

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Сондықтан, келесі «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады.

Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілуде.

Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде.

Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды.

Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы өңірлердегі ақпарттық-ағартушылық топ мүшелері, «Adaldyq alańy» жобалық кеңсе жетекшілері, қоғам белсенділері сұхбат беріп, БАҚ арқылы пікірлерін жариялады.

Ал жастар болса, онлайн дәріс өткеннен кейін өз пікірлерімен желіде бөлісіп, флешмоб ретінде Абайдың адалдық, әділдік, парасаттылық туралы шығармаларын оқып, ойларын ортаға салды.

Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті:

Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.

Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды.

Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.