Қоғам

Жалынды жастар түсіндіру шараларына атсалысуда

Written by Aray2005

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы жыл басынан «Қоғамдық сақшы» жобасын жүзеге асыруда. Жобаға «Жібек жолы», «Ақ сұңқар», «Темірқазық» волонтерлік қозғалыстары мен облыстық «Jas Otan», «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған.

Еріктілер өз бастамасымен COVID-19 пандемиясына қарсы Қазақстан Республикасында карантин жарияланғаннан бастап күнделікті барлық қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін 10 мың үнқағаз бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд өткізді.
Волонтерлер өз қолдарымен тігілген маскалар­дың 500 данасын қала тазалығына жауапты жұмысшы­лар­ға таратты. Наурыз айының 20-23 күндері әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жалғыз ілікті қарияларға «Bіz bіrgemіz!» ұранымен 150 дана қажетті азық-түліктілер мен гигиеналық заттар салынған қораптар үлестірді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жүргізіле бермек.
«Қоғамдық сақшы» жобасының аясында еріктілер мереке күндері бақылау шараларын күшейтті. Атап айтқанда саябақтарда, көшелерде, ықшамаудандарда COVID-19-тан сақтанудың жолы үйден бей-берекетсіз шықпау, адам көп шоғырланатын орындарға жиі бармау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мейрамхана, ойын-сауық орындары, кафелер мен асханалардың 22.00-ден кейін жабық болуын полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, қадағалады.

«АRAI»-ақпарат

ПІКІР