Жамбыл облыстық «ARAI» газетіне жаңа басшы тағайындалды

0 20

Жамбыл облыстық «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-не қарасты облыстық «ARAI» газетінің бас редакторы қызметіне Біржан Сөктай тағайындалды.
1981 жылы Талас ауданында өмірге келген Біржан Сартбекұлы қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті.
Біржан Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.