Саясат

Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы тағайындалды

Written by Aray2005

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуімен ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы болып Ермек Мұхитұлы Алтынбеков тағайындалды.

Ермек Алтынбеков 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ Гуманитарлық Заң университетін тәмамдаған. Шеффилд университетінде (Ұлыбритания) Мемлекеттік басқару  магистрі бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері.

Еңбек жолын 2003 жылы бастады.

2003-2010 жылдары Орал қалалық прокуратурасының прокурор көмекшісі және БҚО прокуратурасында бөлім прокуроры, Орталық аумақтық көлік прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры және ҚР Бас прокуратурасының басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ Заң департаментінің аға заңгері болып еңбек етті.

2016 жылдың шілде айынан ҚР ӘМ Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің сарапшысы, 2017 жылдың қазан айынан ҚР ӘМ Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің Ынтымақтастық басқармасының басшысы болған.

2018 жылдың қазан айынан бастап ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

ПІКІР