Жамбыл облысында ажырасу жағдайлары азайды

0 5

Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша 2 мыңға жуық адам сотталды.

Былтыр Жамбыл облысында 1932 тұлға істі болды. Оның ішінде 475-і бас бостандығынан айырылса, 143 тұлға шартты түрде сотталған. Ал бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлері 1295 тұлғаға тағайындалды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов баяндады.

Спикердің айтуынша, былтыр облыс соттарында жалпы саны 2367 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 1960 адамға қатысты 1750 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылыпты. 314 тұлғаға қатысты тоқтатылған қылмыстық істер 238-ді құрады. Ал, ақталып шыққандары 28.

Ал Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Ғалым Құлекеевтің айтуынша, былтыр 18 397 азаматтық іс тоқтатылған. Бұдан бөлек, ол 2000 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылған. Ал, 8639 адамға қатысты әкімшілік істер қаралған.

Облыс соттарының былтырғы жылғы көрсеткіштері де жаман емес. Республика бойынша аудандық соттардың апелляциялық және кассациялық сатыларындағы шешімдерінің күшін жою және өзгерту көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы екінші орында. Ал тараптардың татуласуымен аяқталған істер бойынша үшінші орынға шыққан.

Спикерлер сотта қаралатын отбасылық даулардың азайғанын айтып отыр. Мәселен, 2019 жылмен салыстырғанда некені бұзу туралы процестер 1151 іске азайған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.