Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында COVID-19 ауруын жұқтырушылар азайып келеді

Written by Aray2005

Ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 48 жағдайы тіркелді, оның 25-і симптомды, ал 23-інің клиникалық белгілері жоқ.

Тараз қаласында 27 жастан 80 жасқа дейінгі тұрғындар арасында 11 симптомдық жағдай, Шу ауданында 31 мен 63 жас аралығындағы тұрғындар арасында – 7, Меркі ауданында 1980, 1983 жылы туған тұрғындар арасында – 2, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 1981, 1943 жылғы тұрғындар арасында – 2, Талас ауданында 1993 жылы туған жүкті әйелде және жаңа туған нәрестеде – 2 жағдай тіркелді. Сондай-ақ тағы бір жағдай Қордай ауданының 1977 жылы туған азаматынан анықталып отыр.

Сырқаты ауыр өтетін, яғни клиникалық белгілері бар тасымалдаушылар жұқпалы аурулар және уақытша ауруханаларға жеткізілді. Жеңіл және орташа дәрежелі аурулары бар науқастар үйде карантинге жатқызылды. Олармен байланысқан адамдар карантинге жабылды. Вирус ошақтарына толыққанды дезинфекция шаралары жүргізілді.

Өткен тәулікте Таразда 34 пен 67 жас аралығындағы тұрғындар арасында 8 клиникалық белгілері жоқ науқас расталды, Сарысу ауданында 12 жастан 60 жасқа дейінгі тұрғындар арасында – 6 жағдай (екеуі науқаспен тығыз қатынаста болған тұлғалар), Талас ауданында 1983, 1961, 1986, 1965 жылы туған тұрғындар арасында – 4, 1986, 1969, 1954 жылы туған Шу ауданы тұрғындарының арасында – 3, Қордайда – 2, олар 1988 және 1995 жылы туған жүкті әйелдер.

Олардың барлығы үй карантинінде.

Көптеген пациенттер жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға жатар алдында, жұмыс орнын ауыстырған кезде немесе жұмыс берушінің есебінен коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді.

Жалпы, үстіміздегі жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында 3047 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның ішінде 1416 науқас сауығып, дәрігерлердің бақылауына алынып, үй карантиніне шығарылды.

ПІКІР