Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

0 3
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 ақпанда Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 18-20 ақпанда кей жерлерде тұман, 20 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 18-20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 19 ақпанда екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. 18-20 ақпан аралығында күндіз ауа температурасының 20-25, кей жерлерде 10-15, облыстың солтүстігінде 1-6 градус жылыдан 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5-10 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Тараз қаласында 19-20 ақпанда кей уақытта тұман, 20 ақпанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 18, тәулік бойы 19, түнде 20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 19 ақпанда кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.