Диагноз

Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы ҚАУЛЫ

Written by Aray2005

«30»   шілде 2020 жыл                     №30                                     Тараз қаласы

 

Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы  26 маусымдағы №46 Қаулысына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Тараз қаласының, облыс аудандарының әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдардың 2020 жылғы 3 тамыз 00 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 16 тамыз күнін қоса алғанда қамтамасыз етуі тиіс:

1) қала аралық, облыс ішілік автобус қозғалысын тоқтата тұру;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;

4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;

5) сағат 22.00-ден- 07.00-ге дейін  аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, алаңдардағы, скверлердегі, жағалаулардағы  және халықтың өзге де демалыс орындарындағы батуттардың қызметіне тыйым салу;

6) барлық мәдени нысандардың (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

7) діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.)  қызметін тоқтата тұруды;

8) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;

         9) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;

10) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;

11) азық — түлік және азық — түлік емес сатылатын жабық базарлардың жұмысын тоқтату (жабық ғимараттарда орналасқан);

12) қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырлану мүмкіндігі бар  орталықтарда антисептикті қолданып, бетперде кию режимің қатаң орындау;

13) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;

14) саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға 22.00-ден 07.00-ге дейін шектеу қою;

15) бетперде режимін сақтай отырып, салонда екі жолаушыны немесе бір отбасы мүшелерін тасымалдау бойынша такси қызметіне рұқсат беру;

16) қоғамдық көліктің таңертеңгі сағат 07.00 — ден сағат 10.00 — ге дейін және түстен кейін сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін жүруіне рұқсат беру;

17) азық — түлік және азық — түлік емес дүкендерде жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін қызметіне рұқсат беру;

18) ауданы 500 м² аспайтын ғимараттан тыс орналасқан азық түлік және азық-түлік емес дүкендердің қызметіне белгіленген кесте бойынша жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге жұмыс істеуіне рұқсат беру;

19) ауданы 500 м² аспайтын азық-түлік емес дүкендердің және ауданы 500 м² жоғары азық түлік емес дүкендердің тек жеткізіп беру қызметіне рұқсат беру;

20) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);

21) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметіне рұқсат беру (жазу бойынша);

22) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақ үйлердің, қонақ үйлердің, санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің, туристік базалардың қызметіне рұқсат беру;

23) дәріханалардың әдеттегі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беру;

24) азық-түлік дүкендерінің қызметіне (минимаркеталар, супермаркеттер, гипермаркеттер) 09.00-ден 20.00-ге дейін, үй жанындағы дүкендердің қызметіне 08.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат беру;

25) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, тек ашық ауада 30 орыннан аспайтындай етіп жасақтап, жұмыс уақытын сағат 09.00-ден бастап 20.00-ге дейін шектей отырып, шығару және жеткізу режимінде рұқсат беруді;

26) азық — түлік дүкендерінің (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) қызметіне 09.00ден 20.00ге дейін, үйде орналасқан дүкендердің қызметіне сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат рұқсат беруді;

27) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, уақыт бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді сақтай отырып,  халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беруді;

28) уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеуді  және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беруді;

29) халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдын-ала Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 брондау бойынша белгіленген уақытқа сай жұмыс күндері, сағат 9.00ден 17.00ге дейін,  Call  орталықтарының жұмысын сағат 9.00-ден 17.00- ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істеуіне, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тиым салуды;

30) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып уақытын 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеп Қазпошта АҚ қызметін онлайн форматта қызмет көрсетуін ұйымдастыруды;

31) ашық алаңда жеке дене жатығулар жасауды;

32) такси, қоғамдық көлік, өндірістік аумақтарында,  әуежай, балалар ойын алаңдары және басқа да қоғамдық орындарда  санитариялық-дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын  жүргізуді;

33) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етуді қамтамасыз етсін.

  1. Жамбыл облысы тұрғындарына:

2.1. міндетті түрде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұрғындар тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат.

2.2. тұрғындарға қорғаныш маскаларын кию міндетті:

— жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте және көшеде болған барлық адамдарға;

-covid-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде сау адамдарға;

— коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдар (дене қызуы, жөтел, түшкіру).

  1. Тараз қаласының, облыс аудандарының әкімдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, полиция департаменті қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, тиісті әкімшілік шаралар қабылдансын.
  2. Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Жамбыл облысында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі №28 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы Қаулы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шектеулерді ұзарту және күшейту мүмкіндігімен 2020 жылғы 3 тамызда 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Ғ. Надуев,

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ПІКІР