Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында халықтың жан басына шаққандағы табысы 50 пайызға өсті

Written by Aray2005

Жамбыл облысында соңғы екі жылда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 55 мың теңгеден 71 мың теңгеге дейін өскен. Жамбылдықтардың әлеуметтік қорғаудың өзгеде тетіктері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

 

Әлеуметтік салада 1 қаңтардан бастап жалақысы  63 мың теңгеден төмен 93 мың қызметкердің  салықтық жүктемесі 10 пайыздан 1 пайызға төмендетілді.

Ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңгеден 42 мыңға дейін өсіп, бюджеттік мекемелердегі 40 мың қызметкердің және жеке сектордағы          75 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы 28 пайызға  артты.

«Еңбек» бағдарламасымен 36 мыңға жуық адам қамтылды, 27 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Есепті кезеңге облыста 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 11,5 мыңы тұрақты . Ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға «Дипломмен ауылға» жобасы аясында қолдау көрсетіліп, 666 маманға 127 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 256 маманға тұрғын үй сатып алуға 970 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие берілді.

Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз көлемінде.

Соңғы екі жылда жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 55 мың теңгеден 71 мыңға өссе, орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден 128 мыңға артты.

Атаулы әлеуметтік көмекпен 35 мың отбасы қамтылды.

Облыс тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 4272 адамға 14,3 млрд. теңге несие бөлінді (бұл республика өңірлері арасында 1-ші орын), оның 7,2 млрд. теңгесі 7021 ауланы несиемен қамтамасыз етуге бағытталады.

Тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жобасы 5 бағытта жүзеге асырылмақ. Үстіміздегі жылы 10 ауданда 11 пилоттық ауылдық округте жүргізілуде.

ПІКІР