Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында коронавирустың бес жаңа оқиғасы тіркелді

Written by Aray2005

2020 жылдың 20 мамыры күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның бес жаңа оқиғасы анықталды.

Байзақ ауданының 1963, 1996 және 2011 жылдары туған үш тұрғыны бұрын анықталған науқастармен қарым-қатынас болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан КВИ-ға алынған талдау оң нәтиже берді.
Тараз қаласының 1966 жылы туған тұрғыны Ресей Федерациясынан келген соң жасалынған тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Сондай-ақ, коронавирус Қордай ауданында аумағында мемлекетаралық шекараны кесіп өту кезінде алыс қашыққа қатынайтын жүргүізушіден де анықталды. Ол 1979 жылы туған Түркістан облысының тумасы.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына тасымалданды, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 20 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 222 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 99, Байзақ ауданында – 30, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында — 46, Меркі ауданында — 6, Шу ауданында – 2, Талас ауданында – 2, Мойынқұм ауданында-1.

Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 24 оқиға анықталды.

Барлық дертке шалдыққандардың 154-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР