Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға пневмония мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылуда

Written by Aray2005

Жамбыл облысының тұрғындарына медициналық дәрі-дәрмектер қамтылған мыңнан астам пакет таратылады. Акция емханаларға бекітілген әлеуметтік қорғалмаған топтардың азаматтарын қолдауға бағытталған.

Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Супер-Фарм» жергілікті кәсіпорнының қаржыландыруымен облыс орталығындағы тоғыз емханаға 560 дәрі-дәрмек пакеті жеткізілді. Онда шприцтер, системалар, спирттік сүлгілер, коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған хаттамаға енгізілген препараттар (антибиотиктер, дәрумендер, антипиретикалық және қабынуға қарсы препараттар) және басқа да дәрілер бар. Бір пакет 7 күндік емдеу курсына арналған, өзіндік құны бойынша бағасы 7 825 теңгені құрайды.

— Бізге денсаулық сақтау басқармасы қоңырау шалып, дәрі-дәрмек алу үшін «Супер-Фарм» ЖШС-не бару керектігін айтты. Бұл біз үшін өте жағымды жаңалық болды. Өткен жылы күндізгі стационарларды қаржыландыру басталған кезде, алдымызда осындай індет күтіп тұр деп ешкім ойлаған жоқ. Сондықтан осындай маңызды көмектің уақытылы көрсетілгендігі қуаңтады, — дейді №1 қалалық емхананың провизоры Ұлтай Кудиярова.

Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК»АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыс аудандарының тұрғындарына үшін қосымша 520 дәрі-дәрмек пакеті сатып алынды.

Осылайша, мемлекеттік органдар мен аймақтың кәсіпкерлерінің үйлесімді іс әрекеті көптеген науқастардың сауығуына деген үміт сыйлауда.

ПІКІР