Жамбыл облысындағы зауыт күніне 70 мың медициналық маска шығарады

0 0

Коронавирус пандемиясы салдарынан сұраныстың күрт өсуіне байланысты туындаған медициналық маскалардың тапшылығын төмендету мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі жергілікті фармацевтикалық зауыттармен өндіріс көлемін ұлғайту туралы келісімге қол жеткізді.

Бұл бағыттағы кәсіпорын тәулік бойы жұмыс режиміне көшіп, нәтижесінде тәулігіне шығарылатын медициналық маскалар көлемін 20 мыңнан 70 мың данаға дейін арттырды. Оның ішінде 40 мың маска «СК-Фармация» ЖШС-не, 30 мың маска Жамбыл облысы аумағындағы дәріхана желілеріне жеткізілуде.
Атап айтқанда, күн сайын «Жасұлан» және «Әмір және Д» дәріханалық желілерінің 10 пунктіне төмендегі мекен-жайлар бойынша жеткізілуде:
1) Төле би көшесі 16;
2) 4-шағын аудан 29;
3) Абай көшесі 134;
4) 12 шағын аудан 67;
5) Рысқұлов көшесі 32А;
6) 2б телеорталығы;
7) Әйтеке би 5А;
8) Рыспек батыр көшесі 6А;
9) Желтоқсан көшесі 237;
10) 9-шағын аудан 31.
Аталған дәріханалардағы медициналық маскалардың құны-50 теңге. Бір сатып алушыға 5 данадан артық сатуға шектеу қойылған.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі Тараз қаласы мен аудандарда тігін шеберханалары мен ательесі базаларында көп реттік маскалар шығаратын шағын өндірістер құру мәселесін қарастыруда. Бүгінгі таңда олардың өнім көлемі күніне 3 900 дананы құрап отыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 18 наурызында аталған дәріхана желілеріне дезинфекциялық және антисептикалық құралдарының 12 түрі, оның ішінде тері антисептиктері, дезинфекциялық сабындар секілді өзге де құралдар түскен.

Айта кетейік, облыс әкімдігі тұрғындардың медициналық бұйымдарға және антисептикалық құралдарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар барысын жалғастыруда. Азаматтарды сабырлық танытып, дүрлікпеуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға және адамдар жаппай жиналатын орындарға бармауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.