Айна

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне байланысты құттықтауы

Written by Aray2005

Құрметті кәсіподақ мүшелері!

Сіздерді 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы Қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан кәсіподақтарының күні еліміздегі мерекелік күндердің күнтізбесіне енуі еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымның қызметіне құрмет әрі қолдау болып табылады.
Кәсіподақтар еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау жолында еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек шарты мен ұжымдық шарттың орындалуына әрдайым атсалыса отырып, лайықты еңбек ортасын қалыптастыруға және әлеуметтік әріптестік аясында еңбек адамына қолайлы әлеуметтік жағдай туғызуға өз ықпалын тигізіп келеді. Елімізде Еңбек қоғамын қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруға да жан-жақты қатысуы әрбір ұжымда еңбек өнімділігін арттыруға және отансүйгіштік құндылықтарды асқақтатуға қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерге кәсіподақтар жан-жақты қолдау білдіріп, мемлекетіміздің қарқынды дамуында әлеуметтік жауапкершілік танытып отыр.
Жолдауда атап көрсетілгеніндей, тиімді мемлекеттің негізі – мемлекет пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнықтыру да – басты мәселе.
Еліміздің өркендеуіне жаңа серпін беретін міндеттерді өңірдегі 120 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі біліктілікпен әрі ауызбіршілікпен абыройлы атқарады деп сенеміз.
Кәсіби төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Баршаңызға бақытты өмір және Отанымызды гүлдендіру жолындағы қызметтеріңізге зор табыс тілеймін!

ПІКІР