Жамбыл облысының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы ҚАУЛЫ

0 0

 

 2020 жыл  «30»    шілде                       №  29                                   Тараз қаласы

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Надуев Ғазиз Дуйсенбекұлы, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қатаң  шектеу  шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі  №44 Қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Жамбыл облысы әкімі, қалалық аудандық, ауылдық округтердің әкімдері, Полиция департаменті, облыстық діни істері жөніндегі басқармасы, облыстың орталық мешітінің бас имамы Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында тыйым салсын:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;

2) мал союды ұйымдастыру және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерде мал сатуға;

3) 31 шілдеден 2 тамыз аралығында онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысын тоқтату;

4) БАҚ арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

5)  мал союды  ветеринариялық сертификат болған жағдайда жабық режимде, тек тапсырыс беруге және жеткізуге, келушілерсіз жургізуге;

6) жедел респиратордлық инфекциялар (жоғары дене температурасының  көтерілуі, жөтел, мұрынның ағуы) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персоналдарды  жұмысқа жібермеу;

7) мал сою цехтарының  ветеринариялық-санитарлық  бақылау  талаптарына жауап беретін тиісті санитариялық жағдайды қамтамасыз ету;

8)  кіре берісте дезинфекция кілемшесін орнату;

9) персоналды арнайы киіммен, бір рет рет қолданылатын медициналық  бетперделер, қолғаптар  жеткілікті қорымен бетперде  жұмыс ауысымына қарай кем дегенде 2-3 сағатта 1 рет, қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, дезинфекциялау  құралдарымен қамтамасыз ету;

10) ұшаларды сақтауға арналған  тоңазытқыш жабдықтарының жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз ету және тасымалдауды арнайы мамандандырылған автокөліктерде рефрижераторларда белгіленген жерге дейін тасымалдау;

11) жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты тұлғаларды бекіту.

  1. Облыстық Полиция департаменті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, 2020 жылғы 30 шілдеден 2 тамыз аралығында:

1) сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеуді бақылау;

  1. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, 2020 жылғы 30 шілде – 2020 жылғы 2 тамыз аралығында:

1) Облыс аумағында және Тараз қаласында мемлекеттік ветеринариялық — санитариялық бақылауды  және қадағалауды күшейтсін.

  1. Облыс әкімі, қалалық, аудандық әкімдері, Полиция департаменті, облыстық діни істері жөніндегі басқармасы, облыстың орталық мешітінің бас имамы Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылғы  2 тамыз аралығында:

1) Құрбандық шалуды (Құрбандық) онлайн режимінде «Qurban2020.muftyat.kz» арнайы сайтқа өтінім немесе тапсырыс бере отырып өткізуге рұқсат етілсін.    Құрбандық малын шалу тек арнайы көрсетілген  мал сою пунктерінде:  арнайы «Qurban2020.muftyat.kz»  сайт арқылы, Тараз қаласы, Исатай көшесі, 1, Тараз қаласы, Волков көшесі, 2 «Б» (Толчок аумағы) қоғамдық қауіпсіздіктін сақталуын, және санитариялық — эпидемиологиялық, ветеринариялық -санитариялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылсын;

2) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру  үшін Call -орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

3)  тартылған адамдарды  жеке  қорғаныш  құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж жандарға тез бұзылатын  өнімдерді (құрбандыққа  шалынған жануарлардың еті) тасымалдау  және  сақтау жөніндегі  санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін;   

  1. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы мен аудан әкімдері:

ҚМДБ — ның өкілдігімен  бірлесе отырып, құрбандыққа  шалынған малдың етін алу үшін көмекке мұқтаж азаматтардың (көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және тағы басқалары) тізімін «Qurban2020.muftyat.kz»  арнайы сайтына  енгізуді ұйымдастырсын.

  1. Осы, Қаулының орындалуын бақылау облыстық полиция департаментіне, аудандық және қалалық әкімдіктерге және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелсін.

Облыстың ішкі саясат басқармасы, облыстың дін істері басқармасы:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы  онлайн форматта  құрбандық шалу  рәсімін жүзеге асрыру  туралы  халықты  хабардар ету;

2)  Осы Қаулыны барлық мүдделі  мемлекеттік ұйымдардың,  кәсіпкерлік субъектілердің және облыс халқының назарына жеткізсін.

  1. Қаулы меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы Қаулы қол қойылғанн күннен бастап күшіне енеді.

Ғ.Надуев,

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.