Жамбыл оқуларының жеңімпаздары анықталды

0 32

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты Жамбыл оқулары байқауы мәресіне жетті.
Ел тәуелсіздігің 30 жылдығы мен ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған байқауғв бас-аяғы 45 жұмыс келіп түскен. Бұл жұмыстардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы күнделікті Жамбыл облыстық арнайы кітапхана және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып отырған. Айта кетерлігі, байқауға қатысушылардың 19-ы зағип және мүмкіндігі шектеулі жандар.
1 ақпан мен 25 ақпан аралығында өткен Жамбыл оқуларына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Жадыра Құттыбаева, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Гүлнұр Алтынбекова, бөлім меңгерушісі Айгүл Оразқұловалар қазылық етіп, келіп түскен жұмыстарды саралаған. Әділ қазылар байқау шарттарына сәйкес Жамбыл Жабаев шығармаларын мәнерлеп оқу, мәтінді оқу уақытын бес минуттан аспауын назарда ұстаған.
Бір айға жуық уақыт бойы өткен байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша «Болашақ» мектебінің оқушысы Айзере Байбосын мен №47 мектеп оқушысы Бекболат Оралбек І орынды өзара бөлісті. ІІ орын Мойынқұм ауданынан Шархат Байгөбек, №10 мектеп оқушысы Әлібек Сейдәзім мен таластық Дархан Матвайға бұйырды. Ал ІІІ орын жуалылық Салауат Еламан, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің студенті Мейірман Қуанышбай, №5 мектеп-гимназия оқушысы Әдия Әлімханның еншісіне жазылды. Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.