Жамбыл прокурорларына 8 мыңнан астам өтініш келіп түскен

0 0

Жамбыл облыстық прокуратурасы халықтың құқығын қорғауда қандай қағидаттар басшылыққа алынатынын мәлім етті.

Жамбыл облысының прокурорлары мемлекет пен қоғам азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сапасы, объективтілігі мен жан-жақтылығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бірқатар қағидаттарды басшылыққа алады. Бұл құқығы бұзылған азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарау кезінде заңдылықтың бұзылуын жою туралы 51 прокурорлық қадағалау актілерін енгізуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Сарысу ауданы тұрғынының өтінішін қарау кезінде облыс прокуратурасы экология, мемлекеттік сатып алу және монополия салаларындағы елеулі заң бұзушылықтар анықтады. Нәтижесінде, енгізілген ықпал ету актісі негізінде аудандық бөлім басшысы және 5 ауылдық округ әкімдері 3,6 млн теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңбұзушылықтар жойылды.

«Ағымдағы жылы облыс прокурорлары 8 мыңнан астам өтінішті қарады. Олардың жартысына жуығы, яғни 47 пайызы – қылмыстық қудалаумен, төрттен бір бөлігі – әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелермен және 7 пайызы – қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерімен байланысты. Әлеуметтік-экономикалық салада түскен өтініштердің басым бөлігі құзіреті бойынша уәкілетті органдарға жолданды» делінген хабарламада.

Өтініштерді қайта жіберу деңгейі неге жоғары? Себебі, прокурорлар өткен жылдан бастап енгізілген өтінішті қараудың жаңа тәртібі жөнінде халықты хабардар етпеген. Мәселен, «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес, прокуратура органдары бұдан былай мына өтініштерді қарастырады:

– Президенттің тапсырмасы болса;

– адам өмірі мен денсаулығының қайтымсыз зардаптарына, қоғам мен мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрса;

– адам денесінің немесе психикалық бұзылуынан немесе басқа жағдайларда өзін қорғай алмаса;

– шектелмеген адамдар тобының құқықтары бұзылған, яғни адамдардың шеңберін объективті анықтау мүмкін болмаған кезде.

Бұл ретте көрсетілген өтініштердің санатын прокурорлар тек заңбұзушылық немесе олардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметінде пайда болу қаупі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы болған не бақылаушы немесе қадағалау органының шешіміне шағым жасалған жағдайларды ғана қарайды. Сондықтан, егер өтініштер көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмесе, азаматтар мен заңды тұлғаларға өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгіну қажет.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру туралы өтініштерді қарау тәртібі өзгерген. Ал, азаматтар мен заңды тұлғалар күшіне енген шешім бойынша Жоғарғы сотқа шағымдануға тиіс.

«Жоғарыда айтылған талаптарды білу – халықтың қажетті адресатқа бірден жүгінуіне мүмкіндік береді», – деп мәлім етті облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.