Қоғам

Жамбыл жастары тарихи шешімді қолдайды

Written by Aray2005

Оңтүстік өңірдегі іргелі білім, ғылым ордасы саналатын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері Астананың Нұр-Сұлтан атауына ауыстырылуын қолдайды. Осылайша Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өткен форум барысында жамбылдық жастар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығына үн қосты.

Шара барысында университет ұжымы тарихи шешімге қолдау білдіріп, Астананың Нұр-Сұлтан болып аталуына бірауыздан келісетінін тілге тиек етті. Оқу ордасының бірінші проректоры Асқар Абдуалы бастаған бір топ профессор-оқытушылар жастарға Мемлекет басшысының шешімінің мән-мазмұнын түсіндіріп, әлемдік саяси аренада үлкен беделге ие болған Астананы танымал етудегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлесі турасында әңгімеледі. Ал аталмыш университеттің магистранты Жансая Әубекова мен студент Салтанат Букешова 30 жыл ішінде Елбасының ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі кемеңгерлігі мен көрегендігін сөз ете отырып, тарихи шешімді қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ «Заң» факультетінің студенті Бекзат Жұмалиев үндеу оқыды.
Форум соңы университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Шынболат КҮЗЕКБАЕВ

ПІКІР