Жамбыл жыры жаңғырып жадымызда

Бүгін К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Жамбыл – дүлдүл, Кенен – бұлбұл» атты мерекелік концерт өтті.

0 20

Концерттік бағдарлама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналды.
Іс-шара қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ұсынылды.
Бағдарламада «Жамбыл туралы сарын», «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы», «Угай-ай», «Бастау», «Жамбыл жастарының вальсі» тақырыптарында ән-термелер, Е.Үсенов «Кенен әндерінен попурри», «Отарба», «Ұлы дала сарыны», «Құлақ күйі», «Тұран елі», «Махамбет поэмасы» тақырыптарында күйлер мен шығармалар орындалды.
«Тараз» триосы, Ерлан Ибәділдаев, Айгүл Есекеева, Оңал Азаматова, Жақсылық Тілеубеков, Жанатбек Кәдіров, Разия Мәдіханова, Бақыт Шағырбаев, Айгүл Мақашева, Әділет Әбдікерімов, Бахром Муминов, Диас Әбілеков және «Кәусар» вокалдық ансамблі өнер көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.