"Дін"

Жамбылда діни ахуал тұрақты

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың қатысуымен  брифинг өтті.

Жамбыл облысындағы діни ахуалдың жай-күйі мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы қозғалған жиында басқарма басшысы аймақтағы дiни ахуал жайлы түсінік беріп өтті. Сондай-ақ, тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсiндiру қызметi, деструктивтi дiни ағымдарды ұстанушылар арасында оңалту жұмыстары және өзге де мәселелер бойынша пікір білдірді.

Сондай-ақ, Ж.Омаров өз сөзiнде жыл басынан берi өткiзiлген едəуiр маңызды оқиғаларды және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуда қолданылатын инновациялық әдiстер туралы айтып, жастар арасында ақпараттық және түсiндiру жұмыстарын жүргiзудің маңыздылығын атап өттi.

Кездесу барысында спикер журналистердiң сұрақтарына жауап беріп, конфессияаралық қатынастардың негiзгi мәселелерi бойынша конструктивтi пiкiр алмасты.

ПІКІР