Жамбылда интернет-алаяқтардың «қолы жүріп тұр»

0 23

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтықтың әрекетінің 11 дерегі анықтады. Оның ішінде алты дерек бұрын жасалған.

Мәселен, ағымдағы жылдың 8 ақпанында Тараз қаласында тұратын А. есімді азаматтың “Финкап” интернет қосымшасы арқылы жергілікті тұрғынның атына 40 мың теңге көлемінде онлайн кредитті ресімдегені анықталды.

Бұдан бөлек, 1995 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны, Қ. есімді азаматша 4 алаяқтық дерегін жасаған. Ол “Instagram” интернет қосымшасында киім сату туралы жалған жарнама орналастырып, төрт сатып алушыдан жалпы көлемі 44 мың теңгені “Каспий голд” карточкасына аудару арқылы заңсыз иемденген. Тексеру барысында Қ. есімді азаматшаның бұрын да осыған ұқсас (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша) тағы төрт алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды.

Сондай-ақ, 2020 жылы 18 желтоқсанда Тараз қаласының А. есімді тұрғыны “Кредит Севен” қосымшасы арқылы ер адамның атына жалпы көлемі 40 мың теңгені онлайн кредитпен ресімдеген (ҚР ҚК 190-б. 2-б. 4-т).

Ал 2021 жылдың 15 қаңтарында 1998 жылы туған Алматы облысының тұрғыны “Instagram” интернет қосымшасында «Тон сатылады» деген жалған жарнама арқылы сатып алушылардың бірінен 158 мың теңге көлеміндегі ақшаны “Каспий голд” карточкасына аудартып алған (ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы).

Алаяқтық әрекетін жасаған барлық азаматтар ұсталды. Жамбыл облысының ПД КПБ қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 9-11 ақпаны аралығында Жамбыл облысының аумағында республикалық маңызы бар “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген еді. Аталған іс-шара ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықпен жолмен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.