Жамбыл жаңалықтары

Жамбылда карантиндік шаралар ішінара жеңілдетілді

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Карантин шараларын жеңілдету туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.  Жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков және Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев қатысты.

Брифинг барысында Бекболат Серікбекұлы карантиндік шараларды ішінара жеңілдету туралы айтты.

– Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 маусымдағы №22 Қаулысына сәйкес карантин режимі бойынша бірқатар жеңілдіктер күшіне енді.

Атап айтқанда, 4 маусымнан бастап:

— Барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың Жамбыл облысының және облыстың барлық елді мекендерінің аумағына кіруіне және шығуына, облыс аумағы бойынша адамдар мен жеке көліктің еркін жүріп-тұруына рұқсат етілді.

— Дайындық актілерін алған компанияларға жолаушылар тасымалы үшін қоғамдық көліктің қозғалысына рұқсат етілді.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіліп, тиісті санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет.

Саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып, шектеусіз баруға рұқсат етілді.

50-ден аспайтын орны бар қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс жасауына рұқсат берілді. Отыратын орындар арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтау қажет. Бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар, мониторинг топтарының дайындық актілерін алған халыққа қызмет көрсету орталықтарының, базарлардың, аумағы 2000 ш.м. дейін сауда дүкендеріне, автомобиль көлігінің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендерге, тұрмыстық техника дүкендеріне, теміржол вокзалдарына, автовокзалдар мен автостанцияларларға, қонақ үйлерге, ЅРА және фитнес салондарға, жоғарыда аталған Қаулыда көрсетілген басқа да нысандарға қалыпты режимде жұмыс жасауына рұқсат берілді.

Қызметі мен жұмысын бастаған барлық нысандар ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысымен және 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Жергілікті атқарушы органдардың мониторингтік топтарының басшылары бекітілген тексеру кестелеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті алгоритмдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

Облыс бойынша осы талаптардың сақталуын бақылайтын 39 мониторингтік топ құрылды.

Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Жуалы аудандарында короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуына байланысты:

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің (алдын ала жазылу бойынша), қоғамдық моншаның жұмысына рұқсат берілді.

Бүгінгі күнге облысымызда коронавирус инфекциясымен жалпы 412 науқас тіркелді. Өкінішке орай, науқастардың өсімі толық тоқтамай отыр.

Сол себепті, көлемі 2000 ш. м. астам сауда орталықтарына; түнгі клубтарға, дискотека орындарына, қоғамдық монша, сауна, бассейндерге; сауда-ойын-сауық орталықтарындағы балалар ойын алаңдарына, кинотеатрларға, компьютерлік және ойын клубтарына; балаларды сауықтыру лагерьлеріне; діни ұйымдарға (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т. б.); 50 адамна астам қоғамдық тамақтану объектілеріне; концерт залдары мен цирк қойылымдарына; автомобиль және мал базарларының жұмысына рұқсат берілмейді.

Бұл шектеулер тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жасалуда.

Баршаңызды түсіністікпен қарап, сабырлық танытуға шақырамын, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Келесі кезекте сөз алған облыстың бас санитарлық дәрігері Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдан хабар берді. Оның айтуынша, Жамбыл облысының аумағында 2020 жылдың 24 наурызы мен 4 маусым аралығында 269  үй ошағында COVID-19-ң 412, жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 35,6 құрады. Бір тәулік ішінде өсім 1,7 % құрады.

Коронавирустық инфекцияның аумақтық жағдайлары анықталды :

1) Тараз қ. — 232 жағдай;

2) Байзақ ауданы — 39 жағдай;

3) Жамбыл ауданы — 13 жағдай;

4) Жуалы ауданы — 1 жағдай;

5) Қордай ауданы — 46 жағдай;

6) Т. Рысқұлов атындағы ауданы – 12 жағдай

7) Мойынқұм ауданы — 1 жағдай;

8) Меркі ауданы — 7 жағдай;

9) Талас ауданы — 13 жағдай;

10) Шу ауданы — 15 жағдай;

11) 6 жағдай — Үндістан-Тараз рейсімен (Жамбыл ауданының аумағында));

12) 20 сәуірде Атырау — Шымкент рейсінен 3 жағдай;

13) Атырау -Тараз рейсінен 5 жағдай 27 сәуірде келгендер.;

14) 29 сәуірде Атырау-Тараз рейсінен 10 жағдай;

15) Атырау-Тараз рейсінен 3 жағдай, 3 мамырда келгендер;

16) Атырау-Шымкент рейсінен 4 жағдай, 14 мамырда келгендер.

17) Атырау-Тараз рейсінен 1 жағдай, 26 мамырда келгендер;

18) 28.05.2020 ж. Қордай ауданына келген ҰҚК шекара қызметінің әскерге шақырылушы арасындағы 1 жағдай.

Статустар бойынша:

1) әкелінген жағдайлар – 62 (Қырғызстаннан келген 23 оқиға, Үндістан — Тараз авиарейсінен — 6 оқиға, Ресейден келген 3 оқиға, Нұр — Сұлтан қаласынан келген 2 оқиға, Қостанай қаласынан келген 1 студент, ауырғандардың біреуінің анамнезінде Алматыдан дене қызуы көтеріліп келген қызымен қатынаста болған, Атырау – Шымкент, Атырау — Тараз рейстерінен — 26 оқиға, 28.05.2020 ж.Қордай ауданына келген ҰҚК шекара қызметінің әскерге шақырылушы арасындағы жағдай).

2) байланысшылар арасында – 260 жағдай;

3) жергілікті жағдайлар – 90.

Жас құрамы бойынша:

14 жасқа дейінгі балалар — 29 (6.9 %), 15 — 19 жас — 31 (7,6 %), 20 — 29 жас — 112 (27,6 %), 30-39 жас — 69 (16,5 %), 40 — 49 жас — 57 (14,0 %), 50 — 59 жас — 61 (14,8 %), 60 — 69 жас — 33 (8,4 %), 70 және одан жоғары — 17 (4,2 %).

– Гендерлік құрам бойынша 64,5% (266 жағдай) жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары ерлер, 35,5 % (146 жағдай) әйелдер.

Ошақтық: барлығы 412 жағдаймен 214ошақ тіркелді: — 1 жағдаймен 161 ошақ; — 2 жағдаймен 25 ошақ; — 3 жағдаймен 11 ошақ; — 4 жағдаймен 11 ошақ; — 5 жағдаймен 2 ошақ; — 6 жағдаймен 1 ошақ; — 9 жағдаймен 1 ошақ; — 10 жағдаймен 1 ошақ; — 12 жағдаймен 1 ошақ.

Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның барлық жағдайлары эпидемиологиялық тексерілді. Инфекция ошақтарында 4421 байланыста болған адам, оның ішінде 2812 жақын және 1609 әлеуетті адам анықталды. Бақылау мерзімі аяқталғаннан кейін 2469 контактілер бақылаудан алынды. Қатынаста болған адамдарды оқшаулауға бақылау жүргізіледі. 24 сағат ішінде эпидемиологтар эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралардың көлемін анықтайды. 269 ошақта (үй ошағы, жұмыс орны, палата) «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облыстық филиалы қорытынды дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, 100% қамтылды. 4 маусымдағы жағдай бойынша стационардан 204 науқас шығарылды, оларға одан әрі үй карантині жағдайында бақылау жүргізіледі. Инфекциялық стационарда 112 науқас, симптомсыз науқастарға арналған карантиндік стационарда – 55 науқас, үй карантинінде —  34 симптомсыз науқас, провизорлық стационарда  респираторлық симптомдары бар — 13 науқас емделуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, – деді Ғ.Надуев.

ПІКІР