Жамбылда қатерлі індет тіркелген жоқ

0 0

Тараз қаласындағы дәріханаларға Жамбыл ауданындағы «СуперФарм» кәсіпорнынан 30 мың дана бетперде жеткізіледі. Алайда, әр адамға тек 5 бетпердеден сатылады. Бұл жайында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірлік коммуникациялар алаңында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында баян етті.

Сондай-ақ бетперде бағасы байлауға көнбей тұр. Ірі көлемде сатып алып қойған пысықайлар оны еселеген бағада өткеруде. Осыған орай басқарма басшысы облыс көлемінде арнайы мобильдік топ құрылғанын хабардар етті. Олар қаладағы дәріханалардағы бағаны бақылауға алмақ.
Өңірдің бас дәрігері бүгінгі таңға облыс көлемінде коронавируспен ауырған адамдар тіркелмегенін айтты. Алайда, 11 адам карантинде жатыр.
Брифингте БАҚ өкілдері тарапынан зейнет жасындағы адамдарға дәрі-дәрмектер бойынша қандай жеңілдіктер жасалатындығы сұралды. Алайда, Марат Жұманқұлов қазіргі таңда жеңілдіктер жасау мәселесі қаралмайтындығын айтты.

С.Тілеужан

Leave A Reply

Your email address will not be published.