Диагноз

Жамбылда Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Written by Aray2005

Биылғы  жылдың наурыз айында  Медициналық сақтандыру қорына    8,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 наурыз аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 157,8 млрд теңгені құрады.

Оның 149,1 млрд теңгесі (шамамен 94,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9% құрады.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

ПІКІР