Жамбыл жаңалықтары

Жамбылда мектеп асханаларына зерделеу жұмыстары жүруде

Written by Aray2005

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Мектеп асханалары» жобасы аясында ведомствоаралық сарапшы топ облыс мектептерінде мониторинг жұмыстарын бастады.
Зерделеу жұмыстарына партия облыстық филиалы, білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, ведомствоаралық сарапшы топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту.

Осыған орай, сарапшы топ Тараз қаласындағы бірқатар мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Жоба аясында топ мүшелері балаларға әзірленген тамақтың сапасына, күнделікті ас мәзіріне, асхананың санитарлық жағдайына, буфеттердің талаптарға сай болуына зер салды.
Зерделеу жұмыстары іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айына дейін жалғасады. 

ПІКІР