Жамбыл жаңалықтары

Жамбылда өзбек этносының күні өтті

Written by Aray2005

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Тараз қаласында өзбек этносының күні аталып өтілді.
Шара ұлтаралық қарым-қатынастардағы бірлік пен келісімді насихаттау, өңірдегі Өзбектер этносының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениетін дәріптеу, келер ұрпақтарына тарих толқынындағы айтулы кезеңдерден сыр шертіп, өзбек этносына тән құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Өзбек халқының этнос күніне арғысы Астана мен бергісі аудандарға дейінгі барлық бауырластары, «Тараз қаласы Өзбек этномәдени бірлестігі», «Қоғамдық келісім» коммуналдык мемлекеттік мекемесі, өңірлік өзбек этносының аға буыны мен жастары, қалалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысы.
Жиын басы «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Муминов Бахром Тоқтасынұлының алғы сөзімен басталды.
— Дәстүрге сай жыл сайын өткізілетін өзбек этносының күні биылғы жылы ел тәуелсіздігімен тұстас келіп тұр екен. Әуелі баршаңызды бүгінде бір шаңырақтың астында бірлігімізді бекем, тірлігімізді көркем етіп отырған Отанымыз, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін. Өзбек халқының осы елде тұрып жатқан барша бауырластардың атынан қазақстандықтарға зор алғыс айтамын. Өзбек халқының күні бүгінге дейін ешбір салт – дәстүр, әдет – ғұрып, тарих – тағылымын, мәдениет – өркениетін өшірмей керісінше өсіп өркендеуіне жағдай жасап жатқандығы қуантады.

Шара барысында ҚР «Дустлик» өзбек қауымдастығы төрағасы Хашимжан Икрам Акрамұлы сөз сөйлеп, бүгінде аймақтағы өзбек этносының өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсутқызы Убайдуллаева мен Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Сайдуллақызы Миражаповаға «Бірлік» төсбелгісі табысталды және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылық меңгерушісі, төраға орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаева ассамблея жұмыстарындағы атқарған еңбегі, ұлттар бірлігіне қосқан зор үлесі үшін арнайы алғыс хатпен мараптталды.
Осы тұста сөз алған Маржан Төреғұлқызы: «Өңірдегі өзбек этносы, облыстық ассамблеяның әрбір атқарған шараларына белсене атсалысады. Әсіресе Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Осы орай Мухаббат Сайдуллаевнаның еңбегі зор екенін атап өткім келеді. Өзбек этносы атқарылып жатқан шарадарлың ішінде қайырымдылық жұмыстарынан да қалыс қалған емес. Оған дәлел күні кеше ғана өткен «Меценат — 2018» форумында өзбек этнос өкілдері өте белсенділік танытты» — деді.

Жиын соңы Жамбыл облысы және Тараз қаласының өзбек этносы аға буын өкілдері мен жастарын қоғамдық жұмыстарға, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясына сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттармен марапаттады.

ПІКІР