Жамбыл жаңалықтары

Жамбылда жалпы сауда айналымы 106 688,3 млн. теңгені құрады

Written by Aray2005

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында Жамбыл облысындағы жалпы сауда айналымы 106 688,3 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда көлемі, жеке кәсіпкерлердің айналымын қоса есептегенде, 64 368,4 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың осы кезеңімен cалыстырғанда салыстырмалы бағамен 3,1%-ға көбейді.

Осы кезеңдегі сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі 26799,8 млн. теңге немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 107,7% құрайды. Жалпы бөлшек тауар айналымында шағын кәсіпорындардың үлес салмағы 34,4% (9226,5 млн. теңге), орта кәсіпорындардікі – 34,1% (9138 млн. теңге), ірі кәсіпорындардікі – 31,5% (8435,3 млн. теңге) көлемінде болды.

2019 жыл басынан бастап жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың саудасының көлемі 37568,6 млн. теңгені (58,4% жалпы бөлшек тауар айналымында) құрады, 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейде қалды.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар (58,7% жалпы бөлшек тауар айналымында) басым. Азық-түлік емес тауарлардың өткізілу көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға көбейді, азық-түлік тауарлары 0,1%-ға көбейді.

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде жоғарғы үлес салмақ Тараз қаласына (75,6%), Қордай ауданына (6,5%), Шу ауданына (4,6%), Байзақ ауданына (3,8%) келеді.

Көтерме сауданың көлемі 42319,9 млн. теңгені немесе 39,7% жалпы сауда көлемінде құрап, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға көбейді.

ПІКІР