Жамбыл жаңалықтары Мәдениет

Жамбылда жаңа фильмнің тұсауы кесілді

Film Slate And Rolls Of Filmstreep And Spotlights
Written by Aray2005

Таразда облыстық  мәдениет басқармасының қолдауымен түсірілген «Сағым» фильмінің тұсаукесері өтті. Көркем туынды  облыстық кино орталығының толық метражды тұңғыш туындысы. Фильмде   асыл дініміздің атын жамылып, бейбіт өмірді құрдымға жіберуге әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс-әрекеттері шынайы бейнеленеді.

Фильм тұсаукесері дәстүрлі салтанатты рәсіммен басталды. Ал, туынды қарапайым қазақ отбасының жарасымды тіршілігімен  өзіне тартады. Бала жастан бір-біріне қамқор болып өскен Сырым және Данияр есімді ағайындылар  жат ағымның зардабынан екіге айырылады.

«Сағым» фильмінің  режиссері, облыстық  қазақ драма театрының актері Елжан Жармұхамедов,  бүгінде  арамызға сынадай енген жат ағымдар мен мысық тілеу миссионерлердің, қоғамға келтіріп жатқан зардаптарын дөп басып жеткізген. Сондай топтарға сауатсыздықпен алданып, өкініштен өзегі өртенгендер де нақты, боямасыз көрініс тапқан.

Фильмде зорлық-зомбылық , бейәдеп  көріністер  орын алмайды.  Тартысты тағдыр, өнегелі өмір, дәстүрлі құндылық, биік адамгершілік қасиеттер көрініс табады.

taraztv.kz

ПІКІР