Жамбылда жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтер төмендейді

0 0

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер тарифтерді төмендету жөніндегі шаралар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Тауарлық газ тарифі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан тауарлы газдың шекті бағасы Жамбыл облысына 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілген болатын. Сонымен қатар, тауарлы газды тасымалдау қызметі де 25%-ға төмендетілді, яғни 1,0 м3 үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге. Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылымдағы бағасы 1,0 м3 үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге төмендетілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-мен өндіретін электр энергиясының тарифі 14 %-ға немесе 9,5 теңгеден 8,1 теңгеге дейін және «Таразэнергоорталық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,7 теңгеге төмендетілді.

Электр энергиясын тасымалдайтын «ЖамбылЭлектрЖүйесі» мекемесінің тарифін 1-қаңтардан бастап 1,07%-ға төмендету бойынша келіп түскен ұсынысы қаралуда. Нәтижесінде қолданыстағы тариф 5,62 теңгеден болжаммен 5,56 теңгеге төмендейді.
Электр энергиясын жабдықтайтын «ЖамбылЖарықСауда» мекемесінің тарифі 3,9%-ға дейін төмендету қаралуда. Нәтижесінде тұрғындарға арналған қолданыстағы тариф 15 теңгеден болжаммен 14 теңгеге төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.