Жамбылда жарты жыл ішінде балаларға қатысты 21 оқиға орын алды

0 4

2021 жылдың 5 айында балаларға қатысты 21 оқиға орын алды. Оның ішінде 2 өзіне-өзі қол жұмсауға талпыну, 1 өзіне-өзі қол жұмсау, 6 үйден кетіп қалу, 12 басқа да оқиғалар (4 қайтыс болған). Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында
Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов айтты.

Департамент балалар құқығын қорғау бойынша жұмыстар атқарады. Халықаралық балаларды қорғау күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала – бақытты ел» Республикалық акциясы шеңберінде аталып өтеді.

Департамент баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға құқықтарының қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді.

«Департаменттің Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде парақшалары бар. Сенім телефоны тұрақты жұмыс жасайды (451122). Әлеуметтік желілерге, оның ішінде «BALA QORGAY» telegram-чатына күнделікті зерделеу жүргізіледі және барлық хабарламаларға, сауалдарға жедел әрекет етеді, кеңес беріледі,» -деді Ж.Атенов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.