Жастар.kz

Жамбылда жастар жұмыссыздығы жойылып келеді

Written by Aray2005

Өңірде жастар саясатын жүзеге асыру жүйелі жолға қойылған. Аталмыш бағыттағы жұмыстар «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы аясында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі №153 қаулысымен бекітілген Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына сәйкес бекітілген Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жол картасында 65 іс-шара белгіленген. Бүгінгі күні оның 11 орындалды, 46 – орындалу үстінде, 8 – жыл соңына дейін орындалады. Есепті жылы облыс әкімі мен Тараз қаласы, аудан әкімдері арасында келісімге сәйкес жастар мәселесі бойынша 11 меже белгіленді. Олардың 7-і жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды. Аталған келісім аясында жыл соңына дейін 11 мың (10 943) жасты жұмыспен қамту көзделген.

Есепті кезеңде 6 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, меже орындалды. Олардың 2 604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1 624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды, 20 жас қайтарымсыз грант алды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4% құрады (2018 ж.- 2,9%). Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9%. Жамбыл, Атырау- 2,4%, Алматы, СҚО- 2,9%, Ақтөбе облыстары- 3,0%.

NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі 2019 жылдың І тоқсанында 7,8 %-ды құрады (өткен жылы 8,0%). 1 шілдедегі дерек бойынша, есепте тұрған 4 214 жұмыссыз жастардың 2604-і (61,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді, оларға 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысты. Жәрмеңкелер нәтижесінде 110 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 25 жас, кәсіби оқытуға- 13, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1, жастар практикасына- 74 жас жіберілді.

ПІКІР