Жамбыл жаңалықтары Қоғам

Жамбылда жұмыскердің орташа жалақысы 114 705 теңгені құрады

Written by Aray2005

2018 жылғы төртінші тоқсанда бір жұмыскердің орташа атаулы айлық жалақысы 114 705 теңгені, ал ірі және орта кәсіпорындарда 125 172 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 28 284 теңге мөлшерінде белгіленген.

Жалдамалы жұмыспен қамтылған қызметкерлер еңбекақысы 2017 жылғы  сәйкес тоқсанмен салыстырғанда көлік және қоймалауда 13,4%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығында 13,2%-ға, өнеркәсіпте, әкімшілік және қосалқы қызметтер көрсету салаларында 11,2%-дан артты.

Еңбекақы төлеудің ең жоғарғы деңгейі қаржылық және сақтандыру қызметінде 216 447 теңге, көлік және қоймалауда 174 352 теңге, сонымен қатар, ақпарат және байланыста 150 466 теңге сақталды.

ПІКІР