Жамбыл жаңалықтары

Жамбылдық 138 отбасы солтүстік облыстарға көшуге ниетті

Written by Aray2005

Тараз қаласында Солтүстік облыстар өкілдерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде солтүстік облыстардан келген 1 255 жұмыс беруші 4 659 бос жұмыс орындары ұсынды.

Аталған жәрмеңкеге 600-ден астам облыс тұрғындары қатысып, 11 ауданнан 138 отбасы көшуге ниет білдірді. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 42 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына 44 отбасы, Павлодар облысына 25 отбасы және Қостанай облысына 27 отбасы қоныс аударуға өтініш білдірген.

ПІКІР