Жамбылдық диқандар қарбыздың америкалық сұрпын өсіруде

0 11

Талас ауданында биыл ғана ашылса да елдің берекесін арттырып жүрген «Береке» шаруа қожалығы қарбыздың мұхит асып келген америкалық түрін өсіруде.

Аталған Американдық AU Producer сортының қарбызы 70-80 күнде өнім береді. Қожалық иесі күздік қарбыздың бұл түрінен шырын өндіруді жоспарлап отыр.

Жоғары өнімді сорт болып табылатын бұл қарбыздың өнімділігі  жақсы күтім жасалған жағдайда 18-20 келіге жетеді.

Таластықтарға тіл үйірер дәмі бар пайдалы әрі ерекше шырын ұсынғалы отырған шаруа қожалығының төрағасы Нұркен Тұраров  жетіліп піскен өнімді алдағы уақытта басқа өңірлерге де тасымалдауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар  қожалық төрағасы 20 гектар жерге жоңышқа, жүгері және көкөніс егіп, 9 гектарды қауын мен қарбыз бақшасына айналдырған.

Сағым басқан сар даланы жап-жасыл алқапқа айналдырмақ ниеттегі шаруалар диқаншылыққа жаңа технологияларды да қолдана бастаған. Жоңышқа алқабын жаңбырлатып суаратын «Bauer» құрылғысымен суарса, жүгері мен көкөніс және бақша өнімдеріне дихандар тамшылатып суару әдісін қолдануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.