Sport

Жамбылдық дзюдошы Азия Кубогінде жеңімпаз атанды

Written by Aray2005

Үстіміздегі жылдың 11-14 сәуір аралығында Ташкент қаласында дзюдодан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия Кубогі өтті. Байрақты бәсекеге Жамбыл облысы Қазақстан Республикасы құрам командасы сапында 11 спортшысын аттандырған болатын.

4 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз Нұрқанат Серікбаев 50 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Бұдан бөлек, жамбылдық өрендер – Қазыбек Рақышев (81 кг), Аяулым Қуанышева (52 кг) , Шапағат Дәулет (57 кг) жүлделі ІІІ орындарға ие болды.

Жас балуандардың жаттықтырушысы – Оразалы Ермекбаев.

ПІКІР