Sport

Жамбылдық дзюдошылар 4 алтын, 2 қола еншіледі

Written by Aray2005

6-11 ақпан күндері Қостанай қаласында дзюдодан 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының  чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Республикамыздың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 695 татами шебері бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрамасы 4 алтын, 2 қола жүлде еншілеп жалпы командалық есепте топ жарды.

Жамбыл облысының атынан сынға түсіп жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:

I орын:  Нұрдәулет Әбдібай (81 кг), Тілепберген Шыңғысхан (55 кг), Шугaевa Сaрa (40 кг), Дәулет Шапағат (57 кг).

III орын: Аблайсанов Сапармұрат (73 кг), Таңжарықова Ұлдана (63 кг).

Айта кетейік, чемпионатта жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар  2020 жылы өтетін халықаралық додадаларда ел намысын қорғайтын болады.

ПІКІР