Жамбылдық еріктілердің ерен еңбегі

0 0

Апта басында облыс әкім Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Жібек жолы жастары» және «Ақ сұңқар» волонтерлік қозғалысының мүшелері тараздық мүмкіндігі шектеулі азамат Анатолий Григориевичке әлеуметтік көмек көрсетті.

Жуырда ғана әлеуметтік желілерде «Тараздық Хатико» деген жазба кеңінен тарап, арбаға таңылған иесін итеріп жүрген иттің әрекеті талайдың таңданысын тудырған болатын. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған ит пен иесінің мекенжайын «Жібек жолы жастары», «Ақ сұңқар» волонтерлік қозғалысының мүшелері іздеп тауып, қарияға барынша көмек көрсетті.
Анатолий Григориевичтің айтуынша, осыдан отыз жылдан аса уақыт бұрын жұмыс барысында ауыр жарақат алып, арбаға таңылған. Ал өзінің жан серігі «Магнусты» осыдан он бір ай бұрын шамасында сатып алған екен.
Ал қарияны арнайы іздеп барып, хал-жайын біліп, айтарына құлақ түрген мамандар облыс әкімдігі тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматқа қоларба сыйлап, азық-түлікпен, өзге тұрмысқа қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар облыс әкімдігі еңбек инспекциясының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Ибраймов басқарма тарапынан тиісті кеңестерін беріп, өзінің байланыс нөмірлерін де қалдырды.
Ал волонтерлік қозғалыстың төрағасы Еркін Әбдиев бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтып өтті.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.