"Кәсіпкерлік"

Жамбылдық кәсіпорындар 115,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Written by Aray2005

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 115 615,4 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,4%-ды құрады.

Өндіріс көлемі облыстың сегіз ауданында және Тараз қаласында өсіп отыр. Атап айтқанда, облыс орталығында 74 798 млн. теңгенің өнімдерін өндіріліп, өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,1%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 5,4%-ға өcуі байқалды. Металл кендерін өндіру өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,3%-ды құрады. Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жоғарылады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 91%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында өнеркәсіптік өндірістің индексі 111,4%-ды құрады.

ПІКІР